Назарбаев үкіметті отставкаға жіберді

21 ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеме жасап, “ел үкіметі отставкаға кетуі тиіс“ деді. Бұл мәлімдемеден кейін бірер сағат өткен соң Назарбаев Бақытжан Сағынтаев басқаратын үкіметті отставкаға жіберіп, Асқар Маминді уақытша премьер-министр етіп тағайындады. Президенттің мәлімдемесі мен үкіметті тарату туралы жарлығы Ақорда сайтында жарияланды. Қазақстан үкіметін 2016 жылдың қыркүйегінен бері Бақытжан Сағынтаев басқарып келген. Қазақстан Конституциясына сай, үкіметті президент жасақтайды.
Back to Top