Пендені өлімнен арашалаған періште.

сайтында періште адамды өлімнен аман алып қалған бейнежазба пайда болды. Оқиға Қытай елінде орын алған көрінеді. Таяуда Қытай елінде адам сенгісіз оқиға орын алды. Түнгі уақытта күре жолдың қиылысынан мотоциклмен өтіп бара жатқан ер адам үлкен жүк көлігінің астына түсе жаздаған. Бейнекамерадағы жазбадан байқалғаны, мотоциклшінің жүк көлігімен соқтығысудан қашып құтылатындай мүмкіндігі болмаған. Алайда сол сәтте, сол жерде пайда болған періште мотоциклшіні көлігімен бірге жүк көлігінің соққысынан аман алып қалып, қас-қағым сәтте мотоциклшіні жолдың басқа тұсына, қауіпсіз жерге апарып қояды. Бейнежазбада жүк көлігі мен мотоцикл соқтығысар сәтте пайда болған періштенің елесі байқалады. Ол елес мотоциклшіні өлімнен арашалап қалған соң, адамның аман екеніне көз жеткізіп жөніне кете барған.
Back to Top