«Тұран» тобы неліктен концертін мұражайда өткізді?

Қазақ музыкасын дәріптеуді қолға алған «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі 8 наурызға орай Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында концерт өткізді. Ұлттық экспонаттардың ортасына жайғасқан топтың өнерін тамашалауға жиналғандардың тең жартысы туристтер көрінеді. Ал, шетелден енді оралған Тұран тобы, көктем мерекесінде көпшілікті қуантпаққа бел буған. Ұлттық өнерді ұлықтауды алдыңғы орынға қойған Тұран тобы, 8 наурызға арналған бүгінгі кешті ерекше өткізуді қолға алған. Ерекшелігі топ жігіттер концерт залында емес, мұражайда өткізуді жөн көрген. НТК телеарнасы. “Ревю“ бағдарламасы.
Back to Top