Жер астынан жік шықты. Арнайы органдар Алматы метросын басқарып отырған тұлғалардың соңына тағы да май шам алып түсті. Бұл жолғы ұсталған фигурант,
“Алматыметроқұрылыс“ компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы. Онсызда құрылысы 31 жылға созылған метроның Сарыарқа мен Достық стансаларын биыл мерзімінен бұрын аяқтау көзделген еді. Қайдам? Кешеуілдеуі мүмкін. Онымен қоса мыңға тарта жұмысшының айлығы да кешігуі ықтимал.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан