Археологиялық экспедицияның далалық кезеңі өз мәресіне жетті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің темір дәуіріне жататын Қарақұдық, Талқұдық қорғандар тобына жүргізілген археологиялық экспедицияның далалық кезеңі өз мәресіне жетті. Нәтижесінде үш қорғанға зерттеу жұмыстары жүргізіліп: темір, ерте орта ғасырларға жататын жерлеу орындарынан семсер, акинак, темір және қоладан құйылған жебе ұштары, қыш ыдыстар, күміс жапсырмалар т.б. заттар анықталды. Қазіргі уақытта апробациялық, кабинеттік жұмыстар жүргізілуде. Соңғы нәтиже ғылыми мақалада жарияланады
Back to Top