Помпео Орталық Азияға сапарында Шыңжаңдағы қудалауды айыптады

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мемлекеттерді Шыңжаң аймағында қуғын көріп, Қытайдан қашқан этникалық азшылық өкілдеріне пана беруге шақырды. “Біз Қытайдан қашатындарды қауіпсіз баспанамен қамтамасыз етіп, оларға пана беруді сұраймыз. Адамшылық көрсетіп, дұрыс жасаңыздар“ деді Помпео 2 ақпанда Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен бірге өткізген баспасөз мәслихатында. Нұр-Сұлтанға 1 ақпанда түнде ұшып келген Помпео жексенбі күні туыстары Шыңжаңда қамалған азаматтармен де кездесті.
Back to Top