«Alatau media ortalygy» – теледидар, радиохабар арналарын жасау және тарату кешені.

«Alatau media ortalygy» – теледидар, радиохабар арналарын жасау және тарату кешені. Бұл Елордадағы «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінен кейінгі жаңадан салынған екінші медиа орталық. Кешеннің жалпы аумағы – 4160 шаршы метр. Ғимарат Н.Назарбаев алаңындағы әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан. Кешеннің құрамында конференц-залы, телестудия, радиостудия, брифинг орталық және монтаж студиялары бар. «Alatau media ortalygy» – бәсекеге қабілетті медиаконтент өндірісіне деген барлық ағымдағы және келешектегі сұранысты қанағаттандырады. Жаңалықтар, дыбыс жазу, дубляж жасау, радио тарату жұмыстарын дайындау үшін студиялар орналастырылған. Орнатылған жабдықтар микрофондарды, камераларды, монтаждау пульттерін, жарықтандыруды, дыбыс жүйелерін т.б қоса алғанда толықтай жабдықталған техникалық желі болып табылады.
Back to Top