2023 QYZYLJAR TV Жаңа жылдық ойыншықтар топтамасы

Жаңа жылдық ойыншықтар топтамасы QYZYLJAR TV Ботаникалық бақта «Аяз ата шыршаға асығады» атты көрме ашылды. Петропавл тұрғындары мен қонақтарының назарына өткен ғасырдың соңынан бастап қолданыста болған 200-ден астам шырша ойыншығы ұсынылған. Ересектер осылайша балалық шаққа саяхат жасаса, балалар жаңа жылдық көңіл күйдің ажырамас бөлігіне айналған, бүгінде сирек кездесетін ойыншықтарды тамашалай алады. Жаңа жылдық ойыншықтар уақыт өткен сайын өзгеріп жатқанымен, олардың міндеті өзгерген жоқ. Әрбір ойыншық - бұл сиқырға толы балалық шақтың естелігі. «84 Аяз Ата» - Аннаның жеке коллекциясынан. Петропавл тұрғынының жинағында пластмасса, пенопласт, тіпті велюр мен мақтадан жасалған түрлі аяз аталар бар. АННА ЛЯШЕНКО, БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Менің коллекциям осы Аяз атадан басталды. Шыршаға әшекейлер жинай бастаған кезде мақтадан жасалған Аяз ата мендеде болғанын қалайтынмын. Кейін біз үй сатып алғанда, шатырда Аяз ата мен Ақшақарды көріп екеуін де өзіме алдым. Бала кезімізде осындай аяз ата болды, жұмсақ болғандықтан онымен ойнағанды ұнататынмын». Артур Рязапов үшін де бұл ойыншықтардың орны бөлек. АРТУР РЯЗАПОВ, БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ДИРЕКТОРЫ: «Ойыншықтар бізге ұрпақтан-ұрпаққа беріледі, Ал бұл менің арғы аталарымнан қалған. Олар Жаңа жылды тойлағанда үлкен, әдемі ойыншықтар шыршаға ілінбесе, Жаңа жыл Жаңа жыл емес деп айтатын. Ал шыршаға жаңа жылдық жұлдыз тақса тіптен әдемі көрінеді». Көрмеге 40-жылдардың аяғы мен 60 жылдардың басына жататын ойыншықтар да қойылған. Бұл жерде жақындап келе жатқан ғажайып жаңа жылдың атмосферасы сезіледі . Выставка новогодних игрушек Северный Ботанический Северо-Казахстанский Ботанический сад севказботсад сев-каз-бот-сад скбс skbs ботсад Ботанический сад Петропавловска botanical garden Petropavlovsk botsad #SKBSwith Равиль Рязапов Ravil Ryazapov Экология Растения Деревья
Back to Top