«Тұран» футбол командасы құрылды

Отандық футбол тарихында айтулы оқиға. Қазақстан чемпионатының Премьер-лига ойындарында енді Түркістан облысының намысын «Тұран» командасы қорғайтын болады. Қазір құрама жаңа маусымға дайындығын бастап кетті. Құраманың «Тұран» атын алуы да тегін емес. Себебі, «Тұран» – киелі шаһар Түркістан өлкесінің көне атауы. «Тұран» сөзі ықылым заманнан бері түркілерді біріктіретін ұран болып келеді. #Turkistantv​ Facebook - ​ VK - ​​​​​​​​​​ Twitter - ​​​​...​ Instagram - ​ Telegram - ​​​​​​​​​​ (c) 2021 «Turkistan» телеарнасы
Back to Top