Талдықорғанда «Балдәурен» мерекелік шарасы өтіп жатыр.

Талдықорғанда «Балдәурен» мерекелік шарасы өтіп жатыр. Жеткіншектер кенеп пен асфальтқа сурет салды. Жас спортшылар өз өнерлерін көрсетті. Облыстық білім басқармасы тарапынан мерекеге жиналған балақайларға қазақ халық ертегілері топтастырылған кітаптар табыс етілді. Талдықорғандағы оқушылар сарайы пандемия жағдайында да өз жұмысын жалғастыра береді. Балаларын аталған мекемеде ұйымдастырылатын жазғы демалыспен қамтамасыз етуге әзірге 200 ата-анадан өтініш түскен.
Back to Top