Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсының тұсаукесері онлайн түрде өтті. «Абай» операсы Сыр елінде тұңғыш рет сахналанып отыр.
Операның қоюшы режиссері Шымкент қалалық опера және балет театрының режиссері әрі солисі, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Қайрат Құлыншақов.
Басты рольді облыстық филармония әншісі Айдос Иманжаппаров сомдады.
Қойылымда облыстық филармонияның, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының әртістері, камералық оркестр, «Томирис» би ансамблі, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің «Ән салу» бөлімінің студенттері мен аралас хор ұжымынан құралған 100-ден аса өнерпаз өнер көрсетті.
Қойылым облыстық филармониясының камералық оркестрінің сүйемелдеуімен өтті. Дирижері «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің, «Құрмет» орденінің иегері Кеулімжай Ботабаев.
Елде енгізілген карантин талаптарына орай тұрғындар «Абай» операсының көрсетілімін «Qyzylorda» телеарнасы мен Youtube әлеуметтік желісіндегі «Сыр шаңырағы» каналы арқылы тамашалай алады.
В КЫЗЫЛОРДЕ СОСТОЯЛАСЬ ПРЕМЬЕРА ОПЕРЫ «АБАЙ»
Сегодня состоялась онлайн-премьера оперы «Абай» А. Жубанова и Л.Хамиди.
Знаменитая опера впервые поставлена в низовьях Сыра в рамках 175-летия великого казахского поэта и мыслитиля Абая Кунанбаева.
Выдающееся произведение казахской классики воплотил на сцене кызылординского театра поставил режиссер Шымкентского театра оперы и балета, обладатель знака «Деятель культуры» Кайрат Кулыншаков.
Главную роль исполнил солист областной филармонии, лауреат международных конкурсов Айдос Иманжаппаров.
В постановке свое искусство представили более 100 мастеров сцены – артисты областной филармонии, казахского академического музыкально-драматического театра имени Н.Бекежанова, камерный оркестр, танцевальный ансамбль «Томирис», студенты отделения «Пение» и сводный хор Кызылординского высшего музыкального колледжа имени Казангапа.
Премьера оперы прошла в сопровождении камерного оркестра областной филармонии под руководством дирижера, обладателя знака «Деятель культуры», кавалера ордена «Құрмет» Кеулимжая Ботабаева.
В связи с введенными в стране карантинными мерами жители области могут посмотреть оперу на телеканале «Qyzylorda», а также в социальной сети Youtube на канале «Сыр шаңырағы».