Елордадағы боранның әлегі. Ұшып-қона алмаған ұшақтар

Бас қаланың тіршілігін бүгін ақтүтек боран тұралатты. Мектептерде сабақ тоқтап, қаладан шығатын күре жолдар түгел жабылды. Ал әуежайда қырықтан аса ұшақ уақытында ұшып кете алмай, не қона алмай, жолаушылар бірнеше сағаттап күтіп қалды. Ауа райын болжаушылар боранның тек ертең дамылдайтынын айтып отыр. #кткжаңалықтары
Back to Top