“Жаңғырық“ фильмінен үзінді (Енді “Асыл арнада“)
Жастар аудиториясына негізделіп түсірілген фильмнің оқиға желісі имандылық аясында өрбиді. Карта құмар-ойыншысы Талғат аурухана палатасында әлсіз жатқан сәтінде оған бейтаныс бір кісі кіріп келеді. Оны өзін өлтіруге келген баскесер деп ойлаған Талғат қатты қорқып, ұйқысынан шошып оянады. Бірақ, оған еш мән бермей күнделікті бұзақылығына басқан Талғаттың көрген түсі өңінде қайталанып, оның жаңа өмір бастауына себеп болады.