Күзгі Kaspi Жұма 8, 9 және 10 қарашада өтеді

Күзде қазақстандықтар қысқы маусымға, әрине Kaspi Жұмаға да дайындалады! Жалпыхалықтық тиімді сатып алу мерекесі 8, 9 және 10 қарашада өтеді. Жылдың осы мезгілінде Kaspi Жұмада қар басқан жолдармен қауіпсіз жүру үшін шина, бүкіл отбасына жылы киім мен аяқкиім, қысқы спорт түрлеріне арналған керек-жарақ, үйге арналған климаттық техника мен т.б. жиірек сатып алады. Оларды  Kaspi Магазиннен тегін жеткізу қызметімен, бүкіл ел бойынша танымал сауда орталықтары мен магазиндерден сатып алуға болады. Kaspi Жұмаға он мыңдаған шағын және орта бизнес компаниялары, сондай-ақ Adidas, ADILI, Alser, EuroMebel, EVRIKA, Intertop, Invictus, Казахювелир, Kari, KIMEX, Комфорт, MANGO, Мечта, MonAmie, Leroy Merlin, Nike, Pandora, Qazaq Republic, RESPECT, Спортмастер, SMAN, Sulpak, Technodom, Zeta, 1Fit, 12 МЕСЯЦЕВ, ЭПЛ Якутские Бриллианты сияқты және тағы да басқа қазақстандық және әлемдік жетекші брендтер қатысады.  Сатып алу мерекесі өткен сайын оған қазақстандық аяқкиім, киім, аксессуар, құрылыс материалдары, жиһаз және басқа да алуан түрлі тауар өндірушілер көптеп қосылып отырады. Кәсіпкерлер осы айтулы оқиғаны сатып алушылардан кем күтпейді. Kaspi Жұма бизнеске сауданы ұлғайтуға, дамуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі.
Back to Top