Астағфируллаһ уә әтубу иләйһ
Мағынасы: «Ұлы Алладан күнәларыма кешірім сұраймын және Оған тәубе етемін».
Истиғфар ету - күнәның кешірімін тілеу, «Әстағфируллаһ» деп айту деген сөз. Мағынасы: «Мені кешір Аллаһым» деген сөз. Бұрындары апаларымыздың, аталарымыздың аузынан осы сөз түспейтін еді. Тұрғанда, отырғанда, қорыққанда да, қуанғанда да айтатындары осы сөз. Бұл кәлима қысқа болғанымен салмақты келеді. Тілін осындай кәлима айтып үйреткендер әдепке жат қылықтар мен жаман сөздерден аулақ болады. Бақ-берекеге қауышады.
«Дүние-мүлкім көп, бірақ балам жоқ. Не істесем болады?» деп сұраған адамға бір сахаба истиғфар айтып жүруіне кеңес берді. Ол күніне 700 рет истиғфар айтуды әдетке айналдырды. Соңында он баласы болды. Адамдар хазреті Хасан Басриге жұттан, кедейліктен, бала болмауынан шағымданатын еді. Барлығына “истиғфар айтыңдар” деді. Себебін сұрағандарға Құран кәрімнен мына үш аятты оқыды: «Көктен мол жаңбыр жаудыруы үшін, сендерге дүние-мүлік және бала-шаға беріп жәрдем етуі үшін, сендер үшін бақтар мен өзендер беруі үшін өте кешірімді болған Раббыларыңа истиғфар етіңдер.» (Нұх 10-12).
Алланың мейірімінің шегі жоқ. Әр адам күнәсі үшін теубе етіп, кешірім сұрағаны үшін төмендегі үлкен нығметтерге бөленеді:
Алланың кешіріміне ие болады
Дүниелік істерде таршылық көрмейді
Қанағатшыл, сабырлы болады
Күнә істерді жасаудан өзін тыяды
Аллаға жақындай түседі
Дұғаларының қабыл болуына себеп болады
Рухани тазарады
Жүрегі жұмсарып, мейірімді болады.
1 view
1813
508
1 week ago 00:03:02 3
ПОЗОР СТОЛЕТИЯ! Трамп сделал ШОКИРУЮЩЕЕ заявление!
1 week ago 00:07:04 1
✅ Что Делать в Аэропорту Первый Раз 2025: Регистрация на рейс, сдача багажа, контроль и досмотр
2 weeks ago 00:03:52 1
Яркий салат с авокадо, манго и креветками — свежий вкус лета! 🥭🦐 Вкусный и легкий рецепт! #рецепт
3 weeks ago 00:04:15 1
This Switch Is So Smart It Might Hack Your Brain | NETGEAR GS728TP Review (PoE Beast Mode) - YouTube
3 weeks ago 00:12:57 28
Как искусственный интеллект изменит наш мир за 10 лет | AGI, роботы и нейросети: таймлапс ИИ 2035
4 weeks ago 00:17:02 1
ДЕЛАЙ КАЖДОЕ УТРО и проживешь до 100 лет | 15 МИНУТ для активации всего тела