Халықты сазға отырғызған алаяқ ұйымдардың мүлкі тәркіленді

29 пәтер мен 15 көлік. Халықтың ақшасын жинап, кейін еселеп қайтарамыз деген “Гарант 24“, “Выгодный займ“, “Estate Ломбард“ басшыларының дүние-мүлкі тәркіленді. Алаяқ ұйымдардың үстінен 17 мың шағым келіп түскен екен. Ал азаматтарға келтірілген шығын 22 миллиард теңгені құраған. Айыпталушылардан тәркіленген дүние-мүлік арасында 15 автокөлік, 2 жүк машинасы, 2 автокран, қарда жүретін көлік, 29 пәтер, 6 үй, 3 жер учаскесі, 5 автотұрақ орны, 1 бильярд кафесі бар. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top