Жұмыссыздар саны өсіп келе жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің мәлімдеуінше Әлеуметтік сақтадыру мемлекеттік қорынан көмек алуға 34 мың адам жүгінген. Ақмади Сарбасов атап өткендей, төтенше жағдай және карантиндік шектеу шаралары уақытында тіркелген жұмыссыздар саны 120 мыңнан 170 мыңға дейін өсіпті. Жұмысынан айырылғандар жаңағы қордан айлық табысының 40 пайызы мөлшерінде 6 айға дейін ақша ала алады.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан