Отпан тауға шақыру
ОТПАН ТАУҒА ШАҚЫРУ!
Отпанға кел, көргің келсе бірлікті,
Өмір неге, көңіл неге дүрлікті?
Маңғыстаудың ақын жаны жырласа,
Қаратаудың тасына да тіл бітті!
Отпанға кел, көргің келсе дəстүрді,
Болмадың ба жібитұғын тас құрлы?
Жұрт ардақтап бабасының əруағын,
Бас бұрғанда жанарыма жас тұнды!
Отпанға кел, көргің келсе киені,
Тексіз неме қалайша елін сүйеді?
Шың басында ұрандаған от жанса,
Жалынына дұшпандарым күйеді!
Отпанға кел, көргің келсе амалды,
Түп-негізің қайдан, қашан таралды?
Көріскенде құшақ жайып ағайын,
Періштем де алқап тұрды ғаламды!
Отпанға кел, көргің келсе ғажапты,