Тарих деген ең үлкен, ең ұлы ұстаз

Өркен Кенжебек, блогер: Тарих деген ең үлкен, ең ұлы ұстаз. Сол ұстаздың жақсы шəкірттері болу үшін бізге осындай ескерткіштер керек. Бұл біздің ядролық қарусыздану, одан кейін болған атыс-шабыстың, сол зобалаңнан мұраға қалған естелік. Өйткені дəл осындай масштабтағы, дəл осындай ауқымдағы ескерткішті басқа білмейді екем. Семейдегі “Полковниктер аралындағы“ ядролық бомбаның құрметіне қойылған ескерткіш бар. Одан басқа масштабты ескерткіш - осы Астанадағы Бейбітшілік қабырғасы. Сондықтан мұның тəлімдік, тəлімдік дегеннен бұрын символдық мағынасы үлкен деп ойлаймын. Дəл осы секілді қабырғалар Парижде де, Чикагоде де бар. Стена мира дейміз. Сол бір əлемдік үрдістің бір бөлшегі Астанада да болғанына сəулетке қызығатын адам ретінде құптадым осыны. Сондықтан бұл əрине, Бейбітшілік қабырғасы Қазақстанның Тəуелсіздік алғаннан кейінгі ең үлкен жетістігі, ядролық қарудан бас тартқанына қойылған жақсы бір нысан, ескерткіш деп ойлаймын.
Back to Top