Пандемияда нені жоғалттық?

Коронавирус пандемиясы аяқталған соң бөрікті аспанға атуға асықпаңыз. Заты да, табиғаты да бөлек жаңа бір індет жаһанды жайлауы мүмкін. Жамандықты айтып, қара аспанды төндіргіміз жоқ, алайда бұл турасында ғалымдар дабыл қағуда. Табиғи ресурстар және биологиялық алуандылық жөніндегі үкіметаралық ғылыми-саяси платформа ұйымы деп аталатын әлем ғалымдарының бірлескен орталығы мамандарының мәлімдемесі бұл. Олар әуелі Коронавирустың шығу төркініне тоқталып, індеттің таралуы адамзаттың табиғатқа тигізген залалының салдары деген байламға келіп отыр. Демек тәжтажалды туғызған біз, адамдар екенбіз. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top