Суға жарымай отыр

Түркістан облысында тұтас елдімекен ауыз суға жарымай отыр. Мақтаарал ауданына қарасты Береке ауылы соңғы 20 жылдан бері тіршілік нәрін күтумен келеді. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары тартылған құбырдың бұл күнде тозығы жетіп, жыртыққа жамау бола алмай отыр. Соның салдарынан жұрт құрт-құмырсқа мен бақа-шаян түсіп кеткен суды ішуге мәжбүрміз дейді. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top