Ал, Ақтөбеде қоқыс полигоны өртеніп, жұрт түтінге тұншығуда. Жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Тұрғындар қолқаны қабатын иістен тыныстары тарылғанын айтып шағымдануда. Жылына 3-4 мәрте өрт шығатын полигонды қаладан тысқары көшіруді сұрап отыр. Жауапты мекемелер бұған не айтады? Өрт сөндірушілер кешелі бері қаладағы қоқыс полигонында жүр. 130 тонна су шашып, 800 тонна құм төсеген. Бірақ, 600 шаршы метр аумаққа жайылған от өшкенімен, түтіні сейілмей тұр. Мамандар жылдар бойы жиналған қоқыс жер қабатына сіңіп кеткендіктен, су сеуіп сөндіру нәтиже бермеген. Полигоннан шыққан қою қара түтін қаланың әр бұрышынан көрінеді.
Все новости Первого канала “Евразия“ теперь и в Telegram: Подписывайтесь!
Наш сайт -
Vkontakte -
Facebook -
Twitter - @1tvkz
–
–
instagram -
Qoslike - https