Володарка тұрғындары жолды өздері жөндеп жатыр

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Володарка ауылының тұрғындары жол жөнделеді дегеннен үміті үзілді. Ауылдағы жол алғаш төселгеннен бері, яғни ондаған жыл бойы жөнделмеген. Ақыры тұрғындар жолды өздері жөндей бастады. Әкімдік олардың әрекетін заңсыз дейді, бірақ жолды жөндеуге жуырда қаржы бөлінбейтінін айтады.
Back to Top