БАЙБЕК КЕЛЕ ЖАТЫР

Бағаны тұрақтандыру үшін облыс әкімдері сауда орындарын аралай бастады. Алматының жаңа әкімі де қала базарларындағы бағаны бақылап, арнайы тексеріске шықты. Бір жарым сағаттың ішінде бірнеше орынға барып үлгерген Байбек мырза, тіпті саудагерлерден тауарды қаншаға алып, қаншаға сататынын да сұрады. Ал қызметіне жаңадан кіріскен әкімге кейбір тұрғындар, бағадан бөлек жеке проблемаларын айтып та шағымданып жатты.
Back to Top