Талдықорған қаласында өрттен 6 адам құтқарылды

4 қазан күні сағат 16:54-те Алматы облысының ТЖД-не Самал шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған шақырту орнына жоғары дәрежелі шақырту бойынша күштер мен құралдар, атап айтқанда Талдықорған қаласының өрт сөндіру бөлімшелері дереу жіберілді. Өрт сөндіру бөлімшелері шақыру орнына белгіленген нормативтік уақытта келіп жетті. Келген бойда түтінделген пәтерлерден адамдарды құтқару және эвакуациялау жұмыстары кажет екені анықталды. Өртті бір мезгілде сөндіре отырып, адамдарды құтқару және эвакуациялау бойынша жұмыстар дереу ұйымдастырылды. Қабылданған жедел шаралармен 6 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала, сондай-ақ 43 адам, оның ішінде 17 бала эвакуацияланды және 52 адам өз бетінше эвакуацияланды.
Back to Top