Ақылы жолдардағы тариф қымбаттады

Елордадағы қоғамдық көліктердің артынша ақылы жолдар да сараланған тариф жүйесіне өтті. Ол дегеніміз, әр шақырымына қолма-қол ақы төлейтін жүргізушілер енді екі есеге шығынданбақ. Ал, интернет арқылы алдын-ала қамданатындарға баға өзгеріссіз қалады. Қазірдің өзінде мұндай жаңашылдық еліміздің 4 ақылы жолдарына енгізілген. Көлік тізгіндейтіндерді тағы қандай өзгеріс күтіп тұр? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top