Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Тараздың кіре берісінде тұрған Фирдоусидің: “Мөп мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың“ деген сөзін алдырып тастағалы қоғамда үлкен шу туып жатыр. Өйткені, Абайдың өзі “Науаи, Сағди, Фирдоуси“ деп медет сұраған шығыс шайырының бұл сөзі қаланың қаншама ғасырлық тарихынан хабардар ететін дейді көпшілік. Ал, оның алынуына айтыскер бір ақынның “Фирдоусидің сөзі Тараздың қыздарының жарнамасы сияқты“ дегені себеп болған. Облыс әкімінің мыңжылдық шайыры мен бүгінгі а