Жәдидтер туралы өзбекше ақпарат 100 есе көп

✅ ЖӘДИДШІЛЕР ТУРАЛЫ ӨЗБЕКШЕ АҚПАРАТ 100 ЕСЕ КӨП Өзбек ағайындардың ғаламторында жәдидшілік тақырыбында көптеген ақпараттар кездеседі. Қазақ тілді ақпараттан 100 есе көп. Мысалы Google-ға “Жәдидтер“ деп іздесеңіз, қазақ тілінде бар жоғы 1300 нәтиже көрсетті. Ал өзбекше “Jadidlar“ деп іздесеңіз 114 000 нәтиже шығады. Ал қазақша “Жәдидшілдік“ деп жазсақ, 15900 нәтиже шығады. Өзбекше “Jadidchilik“ деп іздегенде 158 000 нәтиже берді. Яғни қазақ тілді ақпараттан 100 есе көп деген сөз. Мысалы Youtube-қа “Жәдидшілдік“ деп іздегенде менің шығарған видеомды санамағанда, одан бөлек 3-ақ видео бар екен. Және олардың ешқайсысы егжей-тегжейлі зерттелген деректі фильм санатына жатпайды. Ал егер өзбекше “Jadidlar“ деп Youtube-қа іздеу салсақ, 3 ресми деректі фильм, 1 кино, 8 аудиокітап, осы тақырыптағы конференциялар, сұхбаттар және 30-дан астам мен секілді жеке блогерлердің жасаған видеолары бар. Демек қорытындылайтын болсақ, өзбек ағайындар өздерінің көрнекті жәдидтік зиялыларын бізге қарағанда 100 есе көп дәріптейді екен. Олардан үлгі алып, осы бағытта көп жұмыс жасау қажет. Қазақта да жәдидшіл зиялылар өте көп. Мысалы Абай мен Шәкәрім бастаған және бүткіл Алаш қайраткерлері жәдидшілдер болған. Олардың еңбегін өскелең ұрпаққа көп дәріптеу бізге қасиетті борыш деп санаймын! #Жәдидшілдік #Жәдидтер #АлашОрда
Back to Top