Бірден айтайын. Қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша қамауға алынған әйелдердің әрекетін ақтамаймыз. Олардың қылмысқа қаншалықты қатысы бар-жоғын анықтайтын орган - сот. Біз сот шешіміне де ықпал ете алмаймыз. Бірақ дәл осы Түркістан облысындағы «Индиго» компаниясына қаражат құйып, сан соғып қалған, басында өздері де салымшы болып, артынша күдіктіге айналғандардың жайына неге тоқталмақпыз? Себебі, бұл іс бойынша қамауда 20 әйел отыр. Олардың басым бөлігі көп балалы, кейбірі жалғызбасты аналар екен. Әрине, бұл статус - оларды жауапкершіліктен құтқармайды. Бірақ мәселенің басқа жағы да бар. Егер олар жәбірленуші тарап талап етіп жатқан 3 млрд теңгені жамбасына басып алса, олардың жақындары қамаудағылардың неге қомақты несиесін төлеп жүр? Кейбірінің қорғаушы жалдауға күйі жоқ. «Индиго» ісінде қамауға алынғандардың жақындары, шиеттей бала-шағасы үйінде қалған әйелдер ең болмаса, ісі қаралып біткенше, үйқамақта болса дейді. Ал, жәбірленуші тараптың қорғаушылары қандай пікірде? Қаржы пирамидалары туралы қанша а
25 views
159
33
1 year ago 00:02:18 1
АБАЙЛАҢЫЗ! Қаржы пирамидасы! // ОСТОРОЖНО! Финансовая пирамида! 3
1 year ago 00:01:01 1
АБАЙЛАҢЫЗ! Қаржы пирамидасы! // ОСТОРОЖНО! Финансовая пирамида!
1 year ago 00:02:29 1
АБАЙЛАҢЫЗ! Қаржы пирамидасы! // ОСТОРОЖНО! Финансовая пирамида! 2
1 year ago 00:00:58 1
АБАЙЛАҢЫЗ! Қаржы пирамидасы! // ОСТОРОЖНО! Финансовая пирамида! 1
2 years ago 00:01:51 1
Ақтөбеде жүздеген адам атышулы қаржы пирамидасының кесірінен сатып алған көлігін пайдалана...