Шымкентте белсенді жанұясымен бірге наразылық танытты

Шымкентте шілденің 10-ы күні азаматтық белсенді Нұржан Мұхаммедов жанұясымен бірге қала әкімдігі алдында полицияның өзін аңдып, қудалауын тоқтатуды талап етіп, наразылық акциясын өткізді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Мұхаммедов әкімдік алдына наразылық танытуға бес баласы және әйелімен бірге шықты. Балалары қолдарына “Біз құл емеспіз. Қудалауды тоқтат“ деп жазылған ақ парақтар ұстап шықты.
Back to Top