«Теңіз» кен орнындағы жағдайға байланысты шетелдік компания басшылығы кешірім сұрады

#КТКжаңалықтары Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнындағы вахталық елдімекенде болған жағдайға байланысты шетелдік компания басшылығы қазақстандықтардан кешірім сұрады. СиСиЕйПи компаниясының бас директоры Кауаш Хишам әлеуметтік желі арқылы қарауындағы қызметкер Эли Даудтың іс-әрекеті компанияның ұстанатын саясаты мен әдеп нормаларына сай келмейтіндігін, сол себепті де онымен арадағы еңбек келісім-шарты бұзылғанын мәлімдеді. #Атырауоблысы #Теңіз #кенорны #шетелдіккомпания #кешірім
Back to Top