Қызыл кітапқа енген дуадақтар еркіндікке жіберілді

Түркістан облысында қызыл кітапқа енген дуадақтар еркіндікке жіберілді. Ен даланың еркесі атанған ерекше құстарды шейхтар Біріккен Араб Әмірліктерінің арнайы тұқымбағында өсірген. Сөйтіп, қанаттары жетілген соң, біздің елге арнайы ұшақпен жеткізіп берді. Енді сұлу қанаттылар әйгілі Қызылқұм өңірінде мекен етіп, табиғаттың сәнін келтіретін болады. #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top