Блогерлер мен әншілер елді онлайн ойынға елітіп жүр

Ұтысқа қатыс, миллионер атан! Блогерлер бастаған, әншілер қостаған топ енді елді онлайн ойынға елітіп жүр. Түрлі лотореяны жарнамалап, жұртты жеңіл ақшаға желіктіргендер заңсыз ұтысты ұлықтап жүргендерін білмейтін сыңайлы, дейді заңгерлер. Ал желі “жұлдыздарының“ сөзінше, мұндай екі-үш жарнамадан түскен ақшаға Алматыдан пәтер сатып алуға болады екен. Ал бұған алданған жұрттың жайы не болмақ? Қаржысынан қағылғандарға кім қорған болады? #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top