Швейцария «Қорғас ісі» бойынша 390 млн теңгені елге қайтарды
Швейцария билігі Қазақстанға «Қорғас ісінде» жымқырылған 390 миллион теңгеден астам қаржыны қайтарды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Шенділердің мәліметінше, шет мемлекеттің Федералдық билігі мүшелері қыруар қаржыны 14-ші қыркүйекте қайтарған. Негізі бұған дейін де отандық прокурорлар 2019 жылы дәл осы іс бойынша 140 миллион теңгені қайтарған еді. Естеріңізге салсақ, «Қорғас ісі» деп аталған экономикалық былық туралы қазақстандықтар 2013 жылы білді. Мағзұм Әбдіралиев есімді азамат құрған қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы Қытайдан Қазақстанға контрабандалық жолмен «Қорғас», «Қалжат» және «Достық» кеден бекеттері арқылы тауарлар өткізіп отырғаны белгіл болды. Қатты қадағаланатын екі ел арасындағы орындарда жымқыруға кеден қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жоғары лауазымды шенеуніктер қатысқаны да анықталды.
11 views
8
2
4 years ago 00:01:03 16
Швейцария «Қорғас ісі» бойынша 390 млн теңгені елге қайтарды