Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын! Денге саулық, көңілге түгелдік, отбастарыңызға береке, бірлік берсін! Жастарыңыз ғұмырлы, көңілдеріңіз көрікті болсын! Сүйікті перзенттеріңізге биікке жетелейтін мақсат, мұрат тілеймін, сол шыңға шығар Алла күш-қуат берсін! Ата-анамыз, туған-туыс, бауырларымыз бен жақындарымыз аман, болашағымыз жарқын, еліміз тыныш, бейбіт өмір сүруді Алла нәсіп етсін! Айдан аман, жылдан түгел Наурыздан Наурызға жете берейік! Әркімнің шыққан тауы биік болсын! Мына бес күн жалған дүниеде Алла сыйластық пен абыройдан айырмасын!
Back to Top