«Қош келдің, Наурыз!»

2021 жылдың 19 наурызы күні «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, Наурыз!» атты концерті өтті. Концерт залының холлында көрермендерге арналған фотоаймақ, ұлттық зергерлік бұйымдар көрмесі, сонымен қатар Наурыз-көже мен бауырсақ және де тағы басқа ұлттық тағамдар ұсынылды. Мерекелік бағдарламада халық композиторлары мен қазіргі заман композиторларының шоқтығы биік туындылары шырқалды. Кешті Тәттімбеттің «Көш жанаған» және Бөрі Исананың «Наурыз тойы» күйлері ашты. Республикалық конкурстардың лауреаттары – Ришат Шәбденов халық әндері «Қымыз құйғыш» пен «Ал, жаным-ай», Қайрат Омаров Төлепберген Тоқжановтың «Көшпенділер» күйін, халықаралық конкурстардың лауреаты Арайлым Жүкенова Ә.Молдағайыновтың «Аяулым, арманымдай асылым ең», «Көзіңнің мөлдірін-ай» халық әнін, Гүлмира Тапай Назгүл Таңатардың «Сарыарқа» әні мен халық әні «Жас келін»-ді, Меруеш Башай Талғат Сарыбаевтың «Наурыз – думан» әнін, «Мерей» триосы –
Back to Top