“ДІНДЕ ЗОРЛЫҚ ЖОҚ“ қой! Сүлейменшілер сор болды ғой.

“ДІНДЕ ЗОРЛЫҚ ЖОҚ“ қой! Сүлейменшілер сор болды ғой. Қайырымдылық мекемесінің атын жамылып алып, жұрттың баласын аяусыз тәртіпке салып дегендей. Көкебастар-ай, даже “дінде зорлық жоқ“ деген. Алдыңғы жылы осындай пансионаттарда балаларын оқытып, екінші рет табалдырығын аттамастай болған ата-аналармен және балалармен тілдескен ем. Сөйтсем Құран оқымаған балаларға юбка кигізіп, ортаға алып айналып билеп мазақ қылады екен. Одан қалса ұстаздарының аямай ұратынын айтқан еді. Сондықтан ата-аналар балаларына прям дінді оқытқысы келсе, ресми мешіттердегі діни сауат ашу курстарына апарсын, ала жаздай оқытады. Негізі көбісі дін үйренсін деп емес, не асыраудан қиналғандықтан немесе тәрбиелей алмағандықтан медресе, пансионаттарға тықпалайды. Шынтуайында бала тәрбиесі мен білімі ата-аналардың парызы. Қайран қалатыным, неге именно осындай тегі белгісіз пансионаттарға перзентін “подарить“ ете салады да, соңынан жылап жүреді. ҰҚК осымен қанша пансионатты анықтаса да азаймай тұр. ҰҚК ЖАСАСЫН! #сулейманджи #секта #жібекжолы
Back to Top