Ауыл әкімін сайлау

Қазақстанда ауыл әкімін сайлау басталды. 25 шілдеде 730 ауылдың әкімін азаматтар тіке дауыс беру арқылы таңдайды. Қазақстанда барлығы 2346 ауыл, кент, ауылдық округ әкімі бар. Бүгін олардың қызмет мерзімі біткендері сайлауға түсіп жатыр. Жыл соңына дейін тағы 45 әкімнің сайлауы өтпек. Аймақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға 2297 кандидат қатысады. 1419-ы – өз-өзін ұсынғандар. 878-і саяси партиялар атынан. Азаттық тілшілері түрлі аймақтардағы сайлау учаскелерінен хабар таратады.
Back to Top