1 ШІЛДЕ - ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ. ТҮРКІСТАН “ЭТНОАУЫЛ“.

1 шілде - Ұлттық домбыра күні. Домбыра - ғасырлар бойы қазақ халқымен бірге жасап, қиын-қыстау кезеңдерде елдің мұң-мұқтажын тілсіз жеткізген қастерлі аспабымыз. Бұрын оның үні алты қырдан асатын болса, қазір алты құрлыққа жетіп, әлем халқын тәнті етіп келе жатыр. Сондықтан, асыл домбырамыздың құдіретін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің идеологиялық маңызы зор. Ғасырлар бойы қазақтың үні болған домбыра - өткенімізді түгендеп, бүгінгі ұлттық идеологиямызды нығайтуға айрықша ықпал ететін жәдігеріміз. Оның күмбірлеген үнінде біздің тарихымыз, сан соқпақтан өткен ата-бабамыздың қуанышы мен қайғысы жатыр. Сол себепті, ұлттық аспабымыз әрбір үйдің төрінде ілініп тұруы керек және оны құрметтемейтін қазақ болмауы қажет деп ойлаймын. Күмбірлеген күйлер құлақтың құрышын қандырып, жүректің түкпіріндегі Отанға деген сүйіспеншілік сезімін оятатын күн көп болсын! Баршаңызды ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Ақпарат бізден, бағалау сізден!❤ Бізге тіркеліп, қолдап қойыңыз.✊ INSTAGRAM: ВК: FACEBOOK: 🔔“ҚОҢЫРАУША“ (УВЕДОМЛЕНИЯ) батырмасын басып қойсаңыз қаланың барлық басты жаңалықтарын уақтылы біліп отырасыз. Бізбен бірге болыңыздар!✊ #Этноауыл #түркістан #turkestan #turkistan #город13 #türkistan #домбыра #городтуркестан #ЭтноауылТүркістан #turkistantv #домбыракүні #1шілде #туркестанскаяобласть #Туркестан2023 #ДомбыракүніДомбыра күні 2023 1 шілде ұлттық домбыра күні
Back to Top