Оразаның денсаулыққа пайдасы. Ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы

Оразаның денсаулыққа он пайдасы Әне-міне дегенше он екі айдың сұлтаны - Рамазан да келіп қалады. Бұл айда күннің аптабына, жұмыстың қаптауына қарамастан біршамамыз ауыз бекітіп, Алла алдындағы парызымызды өтеуге кірісеміз. Жаратушы Иеміз бір істі құлдарына парыз етсе, онда ол нәрседе пенде үшін қос дүниеде де пайда болары сөзсіз. Ораза да осылай. Оның қасиеттері, шарапаты туралы, сондай-ақ, ауыз бекітушінің шексіз сауаптарға кенелетіні жайлы Құран аяттары мен Пайғамбар (с.а.с) хадистерінен оқып, имамдар ауыздарынан естіп жүрміз. Бұл – оразаның адамға әкелетін рухани пайдасы. Бірақ, бұл мақалада біз ауыз бекітудің денсаулыққа әкелер дүниелік пайдасы туралы әңгіме қозғағанды жөн көріп отырмыз. Біріншіден, қазіргі медициналық ізденістердің нәтижесінде ораза тұрғысында 3 нәрсе айтуға болады: - Ораза – ішіп-жеуден тоқталатын жәй ғана діни жоралғы емес, оның адам денсаулығына зор пайдасы бар екені дәлелденіп отыр; - Ораза – адам толыққанды өмір сүру қалпын ұстап тұруы үшін маңызды процесс; - Ор
Back to Top