«Желтоқсан» кадрлары қалай сақталды?
Репортаж 2016 жылы дайындалған.
1986 жылы желтоқсанның 17-сі күні Алматыда жастар Брежнев алаңында (қазіргі Республика алаңы – ред.) наразылық білдірді. Олар Қазақстан басшылығына сырттан әкелінген Геннадий Колбиннің тағайындалуына қарсы болды. Көбі республиканы жергілікті қазақ азаматының басқаруын талап етті. Совет өкіметі жастар толқуын күшпен басып-жаныштады.
Желтоқсан демонстранттары туралы қазір бар видеолардың көбін КГБ қызметкерлері түсірген. Бірақ алаңға кәсіби мақсатпен барған телережиссер Рубикжан Яхин де көргенін камераға жазып алған. Өзге әріптестері бес жыл жасырып ұстаған сол жазбалар Желтоқсан оқиғасына қатысушылар ақталған соң ғана эфирден көрсетілген.