Жолдар жөнделе ме?

Министрлер мен депутаттардың жүретін жолы, тақтайдай болса да, тағы жөнделіп жатыр. Ал қала шетінде тұратын қарашаның қамын кім ойлайды? Қазір бас қалада талқыланып жатқан басты тақырыптардың бірі - осы жол мәселесі. Сол жағалаудағы жақсы асфальтты жылда аударып, жаңасын төсей бергенше, көліктің дөңгелегі тұтас кіріп кететін шұңқырлары бар шеттегі көшелерді неге дұрыстап салмайды дейді ел. Жөн. Әкімдік жөндеу жұмыстарына 12 млрд теңге бөлгенін растады. Бірақ халықтың ойында ол емес, Қабанбай даңғылын жөндеуге кететін атышулы 91 млрд теңге. Батыр бабамыздың қомақты қаржы талап етіп тұрғаны бірінші рет емес. Жемқорлықтың ескерткіші атанып, қаз-қатар саптағы сарбаздай тұрған ЛРТ бағаналары да дәл осы Ерасыл батырдың көшесін күзетіп тұр. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top