Дастан Матниязов id229549419 - Бас қалай (Әзіл-шыны аралас жыр)

Досым менің жазылды ма, бас қалай, Қойсаңшы енді асқазанды ластамай? Өмір бақи жазылмайтын шығар ол, Сол арақты біржолата тастамай. Арақ десе, қуанасың, ұшасың, Сол шишаны жастанасың, құшасың. Арекеңнен аяғы ауыр адамдай Ертеңіне ауырасың, құсасың. Ішкіш болсаң, кел ішейік, арақ тап, Мына мен де бір көрейін әрі аттап. Арақ ішіп көрмегендей өмірде, Шиша түбін сарқисың-ау жалақтап. Бұрындары жүруші едің тас түйін, Енді сенің басыңда жоқ бас киім. Ей, досым-ай, арақты ойлап жүргенде, Тесіліп те қалыпты ғой нәскиің. Осыншама қор болдың-ау құсып құр, Ұшынбадым дейсің, бірақ ұшық тұр. Төбелесіп жеңілгендей біреуден, Көздеріңнің айналасы ісіп тұр. Бұрынғыдан естелік боп із қалды, Уақыт өтіп қыс та келді, күз қалды. Осы арақпен гүл махаббат құрғалы, Сен ұмытып бара жатсың қыздарды. Кім төбеден жығып алды туыңды, Танымадың жаныңдағы қуыңды. Тазартатын әр көшенің жәшігін Қабылдағыш боп барасың жуынды. Кеше айтпақшы сені еске алдық бәріміз, Сенікіндей болған еді хәліміз. Сенің сүйген бойжеткенмен тілдестік, Өзіңд
Back to Top