Алматылық көпбалалы аналар автобуста тегін жүре алады

Енді көпбалалы аналар Алматының қоғамдық көліктерімен тегін жүруге құқылы. «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған жандарға қала әкімдігі осындай жеңілдік жасап отыр. Сонымен қатар, шекара асып әскери іс-қимылға қатысқан ардагерлерге де мұндай жағдай қарастырылған. Санақ бойынша батыр ана марапаты қала бойынша 4663 нәзік жанға берілген. Қалалық әкімдіктің VII шақырылымдағы мәслихаттың кезектен тыс II сессиясының барысында мұндай идеяны депутаттардың барлығы бір ауыздан қолдапты. Сонымен қатар 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды жетектеп жүретін 1161 тұлға 50% жеңілдікпен жүретін болды. Бұған дейін қоғамдық көлікпен жүретін жеңілдікті 9 санаттағы адамдар пайдаланса, енді олардың қатарына тағы үшеуі қосылды. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top