kokparistka_20181120163028

#Repost @kokparistka • • • • • «Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса сақа ғой. Жасы кіші демеңдер, Ақылы асса аға ғой.» Қараша айының 16-сы күні Астана қаласының маңындағы Талапкер ауылында жаппай көкпар өтті. Жаппай көкпар Астана қаласы ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжінің @college_kazguu @guk_kazguu 2 курс студенті Айдарбек Бақдәулеттің @bakdaulet_aidarbek ұйымдастыруымен Астана көкпар клубының президенті Хасенов Аманжол ағамыздың қолдауымен өткізілді. Бұл бастама өзгелерге үлгі болары сөзсіз. Себебі, Бақдәулет бауырымыздай 17 жасқа келіп көкпар берген азамат бар ма арамызда? Осындай ұлттық ат спортымызды дамытып, ұлықтап жүрген студенттерді тәрбиелеп отырған Астана қаласы ҚазГЗУ оқу орнының басшысы Жомарт Қасымxанұлына және ұстаздар ұжымына алғысымызды білдіреміз. @bakdaulet_aidarbek @guk_kazguu @college_kazguu
Back to Top