Төтенше жағдай кезінде моншаға барған прокурор қызметінен қуылды. Бұл ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады. Айта кетейін, осыдан екі апта бұрын интернетте Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаевға ұқсас адам мен бір топ ер кісінің төтенше жағдай мен карантин кезінде моншада жүрген видеосы жарияланған еді. Ғаламторды шарлаған бейнежазбаға қатысты Бас прокуратура қызметтік тексеріс бастаған болатын. Міне, арада 14 күн өткенде Саян Шалғымбаевтың қызметінен босатылғаны белгілі болды. Сарыөзек кентіндегі саунада түсірілген видеода Алматы облысы Кербұлақ ауданының сотының басшысы Дінмұхамед Сейтов де бары айтылған еді. Кейін Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың пәрменімен оның қызметі тоқтатылған болатын.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
71 view
2
2
5 months ago 00:00:37 1
РХБҚ бөлімшелерімен оқу-әдістемелік жиындар Жамбыл облысында басталды
5 years ago 00:01:28 153
ТЖ кезінде саунаға түскен Шардара әкімінің іс-әрекетіне баға берілді
5 years ago 00:02:16 7
Алматыдағы жұмыспен қамту орталығына ТЖ кезінде 3 мыңнан астам адам жүгінген ()
5 years ago 00:00:47 212
ТЖ кезінде моншаға барған прокурор қызметінен қуылды
5 years ago 00:01:23 44
ТЖ кезінде пара алғандар
5 years ago 00:10:08 1
42500 теңге жеткіліксіз. Кем дегенде екі есе көбейту керек! | “Марғұлан не дейді?“