Бейнеу-Мейірім қайырымдылық тобы!

Ассаламу алейкум Бейнеу тұрғындары және де қонақтары! Өздеріңізге белгілі өткен жылымыздың желтоқсан айының 23-жұлдызында Ізтұрғанов Үдербайдың бастамасымен және Жастар ресурстық орталығының қолдауымен ауданымыздағы мүжәлсіз отбасыларға көмектесіп, жастарды ізгілікке бағыттау мақсатында “Бейнеу-Мейрім” еріктілер тобы деген атаумен құрылған болатынбыз. Бізге бір жыл. Осы аталған уақытта бір шама жұмыстар атқарылды. Айта кететін болсақ осы бір жылдың ішінде 3 жәрменке және бір концерт өткізілді және осы жұмыстардын түскен қаражаттың барлығы мүжәлсіз отбасыларға сонымен қатар емге кететін науқастарға жұмсалды. Жәрмеңкелерімізден жиналған қаражат 2119 000 теңге, азық-түлік тарату науқанына 212 910 теңге, концерттік бағдарламалар 114 895 теңге, дүкендерге жәшік қою арқылы 44 715 теңге жиналды. Яғни біздің бір жылдық жақсылығымыз 2491 520 теңгені құрады. Бізге қолдау білдіріп келген барша қазақ жұртына, Бейнеу халқына алғыс білдіреміз. Алланың нұры жаусын дейміз. Осылайша бір жылды біз сәтті аяқтадық! Алла бұйырса
Back to Top