Назарбаевтың стратегиялық шешімдері

Енді бір екі күнде еліміз ҚР-ның Тұңғыш президенті күні атап өтеді. Әдетте бұл ұлан асыр той тойлайтындай халықтық мейрам болмаса да мерекелік дата. Оның мәні ел болып жаппай елбасыны мақтау керек десек қателескеніміз. Бұл бірінші кезекте тәуелсіз Қазақстанның тарих беттерін парақтап, елдің алғаш болып аяққа тұрған кезеңдерін саралап, келешекке жасалуы тиіс қадамдарымызды ой таразысына тарту. Нұрсұлтан Назарбав тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш президенті ретінде тарихта қалды. Бұл факт. Елдің іргетасы қаланып, халықаралық саяси ортада беделі бекіді. Бұл да факт. Әлемдік державалар көз тігіп, мүдделер тоғысқан, геосаяси тұрғыдан алғанда көптің көзқұртына айналған өңірде мемлекеттілікті қалыптастыру үшін стратегиялық саясат керек. Оны жүзеге асыратын стратегиялық шешімдер. Елдің ертеңгі болашағын айқындаған бес шешімге тоқталсақ. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top