Петропавлдағы БЖСМ спорттық гимнастикамен 155 бала айналысады. 15 жыл бойы мектеп тәрбиеленушілері ескі снарядтарда жаттығып келген. Өткен жылдан бері қала әкімдігі спортқа айырықша көңіл бөліп, бюджеттен бөлінген қаражатқа бұл үйірмеге қажетті құрал-жабдықтар сатып алына бастады. Биыл гимнастарға арналған арнайы бөрене қойылды. Жаңа снаряд барлық халықаралық талаптарға сай келеді.