Атырауда өткен футзалдан ҚР Кубогі ойындарында аяқ астынан Армат ағаммен кездесіп қалдым. Жалпы Жетікөл ауылының тумасы, белгілі кәсіпкер Әлімбетов Армат Жайлауұлының есімі тек Жетікөл жұртына ғана емес, бүкіл Сырым еліне, қала берді облысқа белгілі. Жомарттығы мен мәрттігін талай мәрте туған жеріне іспен көрсетіп жүрген азамат ағаларымыздың бірі, бірегейі десек те артық емес. Осыдан алты жыл алдын ауылдастарына арнап өз қаражатына жасанды футбол алаңын (корт) салып берген болатын. Қазір бұл жер ауылдың сәні, әрі, жастардын жиылатын орны. Иа, шынымен, осы корт ашылып ауылымыздың ажары бір кіріп қалды. Бұны бір деңіз. Екіншіден, кешегі ала жазда қара топырақ пен Жетікөлдің жеке өзіне тән “дауылында“ доп қуып өскен балалардың енді осындай әдемі, ыңғайлы алаңда ойнауына мүмкіндік туды. Үшіншіден, кеш болса қайда барамыз деп бас қатырмай бірден осында бас қосатын жастардың суйiктi орнына айналды. Қас қарайғанда қорадағы қойын түгендеп улгеретін алтыдағы баладан, ауылдың үлкендерінің барлығын осы жактан табатыңызг